Қылықты қыз » Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
«Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп»
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-09-08
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-09-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2022

Қылықты қыз

Қылықты қыз

Мақсаты:    Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай

қасиеттерге  бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында

қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна

мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-

дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға  себепші болуға баулу.


Көрнекілігі:  күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.


Дайындық барысы:

1. Қыздарға қойылатын талаптармен таныстыру

2. Қазақтың  салт дәстүрлері  туралы  мағұлматтар жинау.

Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

  1. Таныстыру 
  2. Сән үлгісі (мода)
  3. Мәнерлеп оқу

4. Менің өнерім 

5. Білімдіге бес сауал

6. Аспазшы 

 Байқаудың әр шарты  өз кезегінде  түсіндіріліп отырады.


1- Жүргізуші: Армысыздар, оқушылармен ұстаздар! Қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

Осы  байқау 2 “А” сынып оқушы  қыздар арасында: Сынып аруын анықтау мақсатында  қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау  қыздарымызға  эстетикалық  тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға  жан сұлулығымен  қоса тән сұлулығы  бірдей  болғандығы жарасады. Сондықтан  ибалы, инабатты  қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.


2- Жүргізуші: Аруларға әділ баға қоятын әділқазы мүшелерімен таныстыру.


1-   Жүргізуші:   Ал енді, бүгінгі байқауымызға  қатысатын аруларымызды қарсы алайық.


Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды,  сірә бір

Мединаның сан өнері бар,

Сырын терең  ұға біл.

1 – ші  талапкеріміз  МЕДИНА



2-Жүргізуші:

Ұстазын анасындай құрметтеген

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Дария қыз  ұстазының  айнасы ғой

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2– ші  талапкеріміз   ДАРИЯ


1-Жүргізуші:


Сыпайы  оның  мінезі,

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қапты

Жүрек жұтқан Аяжан кыз

3 – ші  талапкеріміз   АЯЖАН С


2-Жүргізуші:

Алайық қарсы Сабинаны

Үлгілі қыз бұл ибалы

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

4– ші  талапкеріміз  САБИНА


1-Жүргізуші:

Аяжан өнерлі

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын Аяжан

Өнеріңді төк енді.

5– ші  талапкеріміз АЯЖАН Ж  


2. Сән үлгісі (мода)

3. Мәнерлеп оқу 

Айтсаң болды тіл алам
 Әйбат анам әй анам
 Сені көрсем қуанам
 Сен керексің қашанда.
 Арайлым: Өзің мені өсірген
 Айналайын ақ әжем
 Тентек болсам кешірген
 Балдай тәтті бал әжем


Өмір сыйлаған анашым,
 Өзіне мен ризамын.
 Аяулы менің анашым
 Қайда жүрсем де сағынамын.
 Аялаған алақаның,
 Мандайымнан сипағаның
 Мен бақытты баламын.
 Өскен соң, бағамын,
 Алғысыңды аламын!


Әлпештеген аялаған
 Ақ сүт берген апатайым
 Сәлем жазып бүгін саған
 Мейрамыңмен құттықтаймын
 Мені жақсы көреді
 Күндей күліп келеді
 Көп ертегі біледі
 Маған айтып береді.


Көктем күні керемет
 Жаңбыр жауар себелеп.
 Күн ашылса болғаны,
 Көлбеңдейді көбелек.
 Бар табиғат нәр алып,
 Шыға келер жаңарып
 Қызғалдақ боп құлпырып,
 Көктем біздің балалық.


Құтты болсын ақ анам
 Сегізінші науырызың!
 Қасымда бол әрқашан
 Жансын жарық жұлдызың,
 Тілейді бақыт бір саған
 Әлпештеген ұл - қызың.
 
 

  1. Менің өнерім


  1. Білімдіге бес сауал

-Тұсау кесу 

-Бесік той

-Тілашар

-Қырқынан шығару

-Наурыз мейрамы


     6. Аспазшы

                                   

2- Жүргізуші  

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп мектептің  жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!


1-Жүргізуші:           

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,

Таныстырып  өздерін өтер деймін.


Номинациялар:

  • Білімді ару
  • Өнерлі ару
  • Сүйкімді ару
  • Көркем мінезді ару
  • Үздік ару








 














Алматы облысы

Ескелді ауданы

Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі



«Қылықты қыздар» 

байқауында

___________________________

«Көркем мінезді ару»

номинациясы бойынша 

марапатталады




Сынып жетекшісі: 









2022 жыл



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив