31
март
2022
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Н. Алдабергенов атындағы орта мектебінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, мектебімізден келіп алуларына болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦП) оқу үшін компьютерлерде «сard reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілген қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарымен ешкімнің көмегінсіз санаулы уақытта жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» егов порталына еркін кіру үшін ғаламторға қосылған компьютер мен принтер қойылған.