09
январь
2023
1 "А" сыныбында "Рахмет саған әліппе" ертеңгілігі өткізілді. Әліппемен қоштасу әрбір бала үшін үлкен жетістік.
Өткен ертеңгілікте балалар ата -аналарына алған білімдерін көрсетті. Мереке қызықты өтті. Балалар тақпақтарын айтып, өлең айтып,би биледі. Оқушылар тек оқуға ғана емес,достасуға, бірге жұмыс істеуге үйренгендерін көрсете білді. Әліппені табысты аяқтағандары үшін әр бала дипломмен марапатталды. Ата -аналар сынып оқушыларына сәттілік, жеңіс және көтеріңкі көңіл күй тіледі