15
апрель
2024
Сәуір айының 12 күні Средняя школа имени Н.Алдабергенованде ағаның інісі мен қарындасына деген қамқорлық сезімін ояту, аға мен іні арасындағы қарым - қатынасының сырын ашу мақсатында «Даналық клубының» жоспарына сәйкес
Сәуір айының 12 күні Средняя школа имени Н.Алдабергенованде ағаның інісі мен қарындасына деген қамқорлық сезімін ояту, аға мен іні арасындағы қарым - қатынасының сырын ашу мақсатында «Даналық клубының» жоспарына сәйкес «Ағалар мектебінің» кезекті кездесу кеші өтті.Кездесу кешін мектеп директоры А.Ж.Косахбаева ағаларға деген жылы лебізін білдіріп, ашып берді. Кездесуге ауданымыздың атын аспандатып жүрген жерлесіміз Рустамбеков Салин Рүстембекұлы арнайы қонақ ретінде шақырылып, өзінің ақыл- кеңесін айтып, спорт саласындағы сырларымен бөлісті. Келген ағалармен әртүрлі тақырыптарда сұхбат,әңгіме,ойын жүргізілді. Ағаларымыз өз пікірлерін ортаға салып, түрлі жағдаяттарды талқылады. 6»А» сынып оқушылары ағаларына деген жыр шумақтарын арнады. Кеш соңын Б.Тайлақбаевтың «Аман бол, ағаларым» әнін бірге шырқаумен аяқтадық.