18
март
2022
" Наурызым - асыл айым " атты сыныптан тыс іс-шара
Наурыздың 18 жұлдызында 5-8 сыныптар арасында " Наурызым - асыл айым " атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты : Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі - Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер ,бата,наурыз көженің маңызы туралы айту . Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін , оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып , дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу . Қолданылған көрнекіліктер: слайдтар,суреттер,шарлар,нақыл сөздер т.б. Оқушылар наурыз туралы ән шырқап , түрлі ойын түрлерін көрсетті. Сонымен қатар әр отбасыға дәулет дарып,бақ қонсын деген ниетпен Қыдыр баба бата берді. Оқушылар аса белсенділік танытып,барша қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.